È

Екі рөл - бір актриса

Екі рөл - бір актриса

Театр және кино актрисасы Салтанат Бақаева «Көркем фильм» кинокомпаниясының көпсериялы «Айман мен Шолпан» сериалында ойнайды. Бірден екі кейіпкердің рөліне енген актриса бұл туралы бізге де әңгімелеп берді: «Актриса ретінде мен бірден жобаға қызығушылық таныттым, өйткені актриса үшін түрлі кейіпте ойнау маңызды ғой».

Бақаеваның айтуынша екі кейіпкердің мінездері бір-біріне ұқсамайды. Шолпан қазақтың дәстүрлі отбасында қазақы тәрбие алған, ал Айман шетелде білім алған, көзқарасы жаңаша, болмысы мүлде басқа адам.

«Екі түрлі образды жасай алам ба, осының өзі маған қызық болды. Қазір жұмыс істеп жатырмын, нәтижесі монаж жұмыстарынан кейін белгілі болады. Қобалжып жүрмін, бірақ бәрі сәтті шығады деп үміттенемін», - дейді Салтанат.

Апалы-сіңлілі қыздардың ішінде актрисаға жақыны Шолпан. Өйткені Салтанаттың өзі Талғар қаласында туған, 5 жасынан интернатта тұрып, музыкалық білім алды.

«Арнау» тобының әншісі, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актрисасы отбасы мен шығармашылықты бірге алып жүрудің оңай емес екенін айтты: «Мен қаншалықты қиын жұмысқа келіскенімді енді түсіндім. Кастингтен өткеніме қуаныштымын, бірақ бәріне үлгеру өте қиын. 10 айлық баламды көрмей қалсам, тіпті ұялып кетемін. Күйеуімнің түсіністігі мен қолдауының арқасында ғана жұмыс істеуге мүмкіндігім бар. Еңбегім еш кетпейді, дұрыс бағыттамын деп үміттенемін», - дейді Бақаева.

Естеріңізге сала кетейік, «Айман мен Шолпан» сериалына кастинг наурыз айында жарияланған болатын, мамыр айында «Көркем фильм» «Қазақстан» арнасының тапсырысымен драманың түсірілімін бастап кетті.

 

Тақырып бойынша:

«Айман мен Шолпан» сериалынан фоторепортаж

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер