È

«Дрю аға»: баскетбол жайлы комедияға арналған алғашқы трейлер

«Дрю аға»: баскетбол жайлы комедияға арналған алғашқы трейлер

Summit Entertainment баскетбол жайлы танымал NBA ойыншылары түскен «Дрю аға» комедиясына арналған алғашқы трейлерді ұсынды. Аталмыш фильде Дакс (Лил Релл, «Аулақ») Гарлемде стритболдан өткен жарыстағы сәтсіздіктен кейін қаржылық қиындықтарды бастан кешеді. Барынан жұрдай болуға таяған Дакс NBA жұлдызы, Кайри Ирвинг сомдаған ақ шашты «Дрю ағаны» баскетбол командасының тізімінде хабарлайды.

«Жасты» және ақ шашты Ирвингке әрлеушілер тобы қосқан. Дакс Дрю ағаның алаңға қайта оралып, жеңіске жетуге көндіреді. Ол қатысқысы келіп тұрса да, бір шарт қояды: «Бұл менің командам болуы керек. Менің тізімім». Осылайша, Дрю ағаның баскетбол командасының ойыншылар құрамына жасы келген Шакил О’Нил, Лиза Лесли, Крис Веббер, Регги Миллер және Нат Робинсон кіреді.

Зейнеткерлер командасы адамның жасы оның жеке куәлігіндегі жай ғана сан екенін дәлелдеп, жеңіске жетуге толық дайындалады. Дрю аға Даксқа «Сен ойнауды доғармайсың, себебі сен қартайып кетесің. Сен қартайдың, себебі сен ойнауды доғардың», - деген терең мағыналы ой тастайды. Оның командасы жарыста жеңіске жетуге толықтай дайын.

«Дрю аға» спорттық комедиясы көрсетілімге 29 маусымнан бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер