Даниялық режиссер Билле Аугуст («Отверженные», «Пелле-завоеватель») белгілі сәнгер Джанни Версачиге арналған жаңа фильмін түсіруге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Басты рөл Антонио Бандераске бұйырды. Өткен жылы актер Британиядағы Central Saint Martins сән мектебінің қысқа курстарын оқыған болатын. Осыдан кейін Selected бренді үшін өзінің киімдерін шығарған болатын, ал енді атақты сәнгердің рөлін кинода ойнайтын болды.Түсірілім биылғы жылдың желтоқсанында Милан қаласында басталады, одан кейін Версаче карьерасын бастаған Реджо-Калабрия қаласында жалғасады және Майаме қаласында аяқталады. Осы қалада сәнгер өз үйінің табалдырығында оққа ұшқан болатын. Фильмнің атауы әрі нақты шығатын уақыты белгісіз.