Джаред Летоға Playboy журналы авторының рөлін сомдау ұсынылды
Актер Джаред Лето Playboy журналының негізгі авторы Хью Хефнердің образын экранға алып шықпақ. Жоба ұзақ уақыт бойы өндірілген, бірақ 27 қыркүйек күні Хефнердің өлімінен кейін қызу талқыға түсе бастады. Алайда ол плэйбой өмірбаянына қатысты құқықты жіберіп алады, оны продюсер Джерри Вайнтрауб («Жабайы Батыс әлемі») сатып алған. Бірақ, ол 2015 жылы қайтыс болады да, Рэтнер қайтадан құқыққа ие болып, оңтайлы сәтті күтеді.
Басылымның тарихы 1953 жылдан бастау алады. Хефнер Esquire журналының жарнама бөлімінен кетіп, еркектерге арналған жеке басылым ашуды көздейді.
Алғашқы басылым Мэрилин Монроның эротикалық суреттерімен шықты. Хефнер журналдың танымалдылығынан күмәнданған еді, алайда басылым көпшілікке тез танылды. Содан бері журнал мұқабасына Элизабет Тейлор, Синди Кроуфорд, Памела Андерсонжәне т.б. көптеген жұлдыздар шығып үлгерді.






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
23 апреля 2018, 02:01Хорошее предложение я бы сыграл, да и знал, что опыт приходит с годами.