È

Джастин Теру мен Дженнифер Энистон екі жылдық некеден соң ажырасты

Джастин Теру мен Дженнифер Энистон екі жылдық некеден соң ажырасты

Олардың 2015 жылы тамызда болған үйлену тойынан кейін үш жыл да өте қойған жоқ, бірақ Дженнифер Энистон («Жаңа жылдық кеш», «Біз – Миллерлер») және Джастин Теру («Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар», «Пойыздағы қыз») ажырасуға бел буып, некелеріне «үзіліс» жасауды ұйғарған. «Орын алатын сыбыстардан алшақ болу үшін ажырасқанымызды жариялауды жөн көрдік. Бұл шешімді былтырғы жылдың соңында махаббатпен бірігіп қабылдадық. Біз – жақын доспыз, жолдарымыз екіге айырылысқан жұп болсақ та, достығымызды сақтап қаламыз деп ойлаймын», - деп хабарлаған Энистон-Теру жұбы.

Сондай-ақ, олар бірігіп мәлімдеме жасаудың сырын түсіндіре кетті: «Негізі мұндай жағдайды көбінесе жасырып жатады. Бірақ, үнемі назарда болатынымызды ескере келе, бар шындықты өзіміз хабарлап, осыған қатысты өз ойымызды білдіруді жөн санадық. Біз туралы жазылған кез-келген мақала ойдан шығарылған, біреудің біздің өмірімізге деген көзқарасы ғана болып қала береді. Ең алдымен, біз бір-бірімізге деген махаббатымыз бен құрметті сақтап қаламыз».

«Достар» хикаясының бұрынғы жұлдызы Дженнифер Энистон Джастин Теруды 2007 жылы «Сәтсіздік сарбаздары» таспасының түсірілімінде кездестіріп қалған, аталмыш фильмнің сценарийін Теру жақын досы Бен Стиллермен бірге жазған. Екеуі 2010 жылы «Саяхатты аңсау» комедиясында басты рөлді сомдаған кезде қайта жолығысып қалады да, кездесе бастайды. Теру 2012 жылы 41 жасқа толған шағында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасайды. Бұл Джастин Теру үшін алғашқы, ал Энистон үшін екінші неке болатын. Энистон 2000-2005 ж.ж. аралығында Брэд Питтің жары болған еді.

Дженнифер Энистонның жаңа суреті Эллен ДеДженерестің туған күн кешінде жасалған, ол жақта актриса әнші әрі музыкант Фаррелл Уильямстың құшағында отырып, түсіп қалған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер