Джек Блэк маньяк туралы хикаяның продюсері болмақ
Джек Блэктің «Electric Dynamite» атты продюсерлік компаниясы және ABC арнасы «Боринг, Орегон штаты» атты кекесінді хикая түсірмекші, сюжеті АҚШ түбіндегі кішкене ғана американдық қалашық туралы баяндайды.
Күндердің бір күнінде бұл жақта қанішер пайда болады.
Боринг қаласын «Зерігу» деп аударуға болады, себебі бұл қалада ештеңе болмайды. Ешқашан. Бірақ, бір күні тұрғындардың тынышын маньяк бұзады.
Полиция офицері оны ұстауға тырысқан кезде, тұрғындар ештеңе болмағандай, қалыпты өмір сүріп жүре береді.
21 желтоқсанда Джек Блэк «Джуманджи: Орман шақырады» фильмінде басты рөлдердің бірінде пайда болады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін