Дженнифер Лоуренс агент 007-нің әйел нұсқасын ойнайды
Таяуда жаңа кітаптың тұсаукесері болады, алайда шығарманы сыншылар оқып, оған жақсы баға беріп те үлгерген. Әдебиет сыншылары романның кейіпкерін Джеймс Бондтың әйел нұсқасы деп бағалаған. Туындының сәтті жазылғаны туралы киностуялар естіген, солардың ішіндегі Sony Pictures студиясы пысық болып шықты, кітаптағы оқиғаны экранға шығару үшін авторлық құқықты сатып алды. Жақында студия фильмдегі тыңшы рөліне бас актрисаны бекітті. Белгілі болғанындай ол – Дженнифер Лоуренс, «Аш ойындар» фильмінің жұлдызы, «Оскар» иеленген жас актриса. («Менің жігітім жынды» фильміндегі рөлі үшін «Оскар» иеленген). Кинокартина сәтті шығады деп күтілуде. Фильмнің продюсерлігін Марк Гордонның өзі қолға алған. Ол «Стив Джобс», «Қатардағы Райанды құтқару» секілді атақты жобалардың продюсері. Түсірілімнің және тұсаускердің қашан болатынын әлі белгісіз.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін