È

Джессика Честейн қайырымдылық жасап, бедеу әйелдің еміне 2 мың доллар берді

Джессика Честейн қайырымдылық жасап, бедеу әйелдің еміне 2 мың доллар берді

Instagram-дағы аборт жайлы ашық әңгімелерден соң, Джессика Честейн («Зообақ қарауылының әйелі», «Үлкен ойын») ана болуды армандайтын әйелдерді сөзбен ғана қолдап қоймай, солардың армандарын жүзеге асыру үшін ақшасын қайырымдылыққа жұмсады. Халықаралық әйелдер күніне орай, актриса бейсенбі күні Instagram-ға: «Барлығымыз феминист болуымыз қажет» деген жазуы бар киіммен түскен суретін жариялады. Хабарламамен қоса, #happyinternationalwomensday хэштегімен «Феминизм: саяси, экономикалық және әлеуметтік жыныстылар теңдігі» сөзі жазылған.

Честейннің феминистік хабарламасына жауап жазғандардың ішінде Карин Шульц есімді әйел былай деді: «Иә, феминист әйелдер – Құдайға сеніп, болашақты қолдайтындар. Мен сондай феминист болуға дайынмын». Ал Честейн Шульцке былайша жауап берді: «Иә, Сіз өзіңізге маңызды болатын дүниені ғана жасай аласыз». Сонымен қатар, актриса Шульц пен оның күйеуі Джереми балалы болуға тырысып жүргендерін айтты. Нәтижесінде, Шульц жанұясы ғаламтордағы сайттардың көмегімен бедеулікті емдеуге қаржы жинап жатыр екен, себебі олардың сақтандыру компаниясы қажетті соманы бере алмаған.

«Мен сіздердің оқиғаларыңызға қанықпын, ана болу үшін барлығына дайын екеніңізді де білемін. Ол менің жүрегімді жаралады. Мен барлығын оқып шыққан соң, көз жасымды тоқтата алмадым, қымбатты Карин. 2018 жылы Сіздердің армандарыңыз орындалады деп үміттенемін! Мол махаббат тілеймін. Армандарыңызға сенемін. Әпкемді жарты жолда қалдырмаңыздар. Оның тағдыры біздің қолымызда», - деді де Честейн, Шульцті қолдау үшін 2000 долларын қайырымдылыққа жұмсады. «Сіздер өз махаббаттарыңызбен үлгі көрсететін керемет ата-ана боласыздар. Ерте ме, кеш пе, қолдарыңызға сәбилеріңізді аласыздар. Берілмеңіздер», - деп жазды актриса жұптың ғаламтордағы парақшасын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист