Джордж Мартин тағы да іске кірісті
«Дикие карты» романының циклі 986 жылы жазыла бастады. Джордж Мартиннің толықметражды фильмге арналған сценарийі 1990 жылы дайын болған еді. Эпепеяны бір емес, бірнеше автор жазған. Олардың арасында Лианна Харпер, Роджер Железны, Уолтон Саймонс, Льюис Шайнер және Пэт Кэдиган секілді жазушылар бар. Джордж Мартиннің өзі осы циклді "роман - мозаика" деп атайды. Ол 23 романнан тұрады. Сюжет оқырманды постапокалипс заманындағы Жермен таныстырады, ол кезде жергілікті халықтың 90 пайзы өзге ғаламшарлықтардың вирусын жұқтырады. ал қалғандары екі тайпаға бөлінеді. Біріншілері қарапайым адамдарға ұқсас, бірақ ерекше қабілетті суперадамдар, екіншілері түрле і құбыжық секілді мутант адамдар. Түсірілім жұмыстарының нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз, бір белгілісі экранизациялау құқығын Universal Cable Productions компаниясы иеленді.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін