È

«Джуди»: Финн Уиттрок пен Джесси Баклиге Джуди Гарлэнд жайындағы өмірбаяндық фильмнен рөл бұйырды

«Джуди»: Финн Уиттрок пен Джесси Баклиге Джуди Гарлэнд жайындағы өмірбаяндық фильмнен рөл бұйырды

Финн Уиттрок («Американдық қылмыстар хикаясы» хикаясы, «Бәсеңдеу ойыны») әйгілі актриса әрі әнші туралы баяндайтын «Джуди» өмірбаяндық фильмінде Джуди Гарлэндтің бесінші күйеуі Мика Динстың рөлін сомдайды. Таспадағы оқиға Лондонда актрисаның соңғы концертері кезінде болған. Сонымен қатар, «Джудидің» актерлік құрамына Джесси Бакли («Табу» хикаясы) қосылмақ, ол Гарлэндті концерттер уақытында қорғап жүретін режиссердің көмекшісі Розалин Уайлдерді сомдайды. Рене Зеллвегер («Бриджет Джонс күнделігі», «Майамидегі тоңғақ қыз») басты рөлдегі әйгілі әнші әрі актрисаны бейнелейді.

«Джуди» түсірілімімен Pathe және Calamity Films компаниялары айналысады. Театр режиссері ретінде танылған Руперт Гулд («Шынайы хикая», «Бос тәж» хикаясы) түсірілімге басшылық етеді. «Джуди» сценарийімен «Тәж» және «Страйк» хикаялары арқылы танылған Том Эдж айналысты. Биылғы жылдың наурызынан мамырына дейін жалғасатын түсірілімнен кейін, таспа Каннда көрсетілетін болады.

«Джудидағы» оқиға 1968 жылы қыста, яғни Гарлэндтің «Оз елінің сиқыршысындағы» Дороти рөлін сомдаған соң 30 жылдан кейінгі уақытта өрбиді. Ол «Бұл туралы бүкіл қала айтып жүр» бағдарламасын ұсыну үшін шаттыққа толы өмірі бар Лондонға келген соң, зұлымдық пен адамгершіліктің ақ-қарасына тап болады. Атап айтқанда, нашар менеджментті көреді, тамаша музыканттарға жолығады, достарымен және жанкүйерлерімен кездеседі. Тіпті, Джудидің романтикалық арманы да таза болып көрінеді, ол Мики Динспен кездесе бастайды. Дегенмен, Гарлэнд – нәзік әйел. Ол онжылдық жұмыстан соң әбден қалжыраған, ол балалық шағын сағынады, ол Голливудта жеңіліс тапты, жалғыз арманы – тезірек балаларына қайта оралу.

«Джуди» фильмінде Гарлэндтің ең танымал әндері шырқалады, әрі керемет дауысын ести аламыз. Рене Зеллвегер 2002 жылғы «Чикагодағы» триумфынан кейін және «Оскар» номинациясынан соң, продюсерлердің пікірінше, осы рөлге әбден лайық.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер