«Красотка» фильмі арқылы көпшілікке танылған Джулия Робертс Харлан Кобеннің романының желісі бойынша түсірілетін «Обмани меня» картинасына продюсерлік етпек. Фильмнің өндірісімен оның жеке компаниясы Red Om Films айналысады. Сондай-ақ Джулия Робертс фильмде басты рөлді ойнамақ.
Кітаптың сюжеті Майя жайлы. Ол спецназ ұшқышы болған, кейін қызметінен кетеді. Бір күні кейіпкер өзінің кішкентай қызының із-түссіз жоғалып кеткен әкесімен ойнап отырғанын көреді.Сонда Майя болған жағдайды зерттеуге кіріседі. Фильмнің қойылымымен кім айналысады, тұсаукесері қашан әзірге белгісіз.