Голливудтың ең белгілі сұлулыраның бірі Джулия Робертс Мария Семплдың «Сегодня будет другим» кітабының желісі бойынша түсірілетін сериалда басты рөлді ойнайды. Кітап 2016 жылдың қазанында шыққан болатын, қазір оны экрандауға шешім шығарылып үлгерді. Түсіру құқығы Annapurna Pictures студиясында. Сценариймен кітап авторының өзі Мария Семпл айналысады. Оның телевидениеде сценарист және продюсер ретіде тәжірибесі бар.
Сюжет күндердің күнінде таңмен оянып, өміріндегі ең тамаша күнді өткізуді армандайтын кейіпкер туралы.Бірақ өмірде барлығы да біз ойлағандай оңай емес, сондықтан ол өз жоспарынан бас тартуға мәжбүр.