«Джуманджи: Орман шақырады»: Фильмнен жаңа көріністер
21 желтоқсан күні Қазақстанда болатын тұсаукесер алдында режиссер Джейк Кэзданның («Өте нашар мұғалім») «Джуманджи: Орман шақырады» фильмінің жаңа көріністері жарыққа шықты.
Төрт жасөспірім «Джуманджи» ойынының ішіне кіріп кетеді. Олар мүйізтұмсықтармен, қара мамбалармен шайқасады, әр қадам сайын бас қатырып, тұзаққа түседі. Барлығынан өтіп, аман қалу үшін олар ойынның кейіпкерлеріне айналуы тиіс: ұяң Спенсер жігерлі әрі күшті зерттеушіге (Дуэйн Джонсон), денелі Фридж қортыққа (Кевин Харт), сұлу әрі сәнқой Беттани профессорға (Джек Блэк), ал епсіз Марта батыл әрі қағілез салт атты қызға (Карен Гиллан) айналады. Достар өздеріне таңсық рөлге үйренуге тура келеді, әрі барлық қиындықтардан өтіп, үйге жол табулары тиіс.
Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы Meloman Entertainment компаниясы болып табылады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін