«Экстаз»: Гаспар Ноэнің бишілері бір түрлі күйде
A24 студиясы «Экстаз» детективті драмасының ресми трейлерін ұсынды, картинада хоррор мен мюзикл элементтері бар. Өз ісінің шебері париждік Гаспар Ноэ («Махаббат», «Гавана, мен сені сүйемін») екі аптада ғана түсірген фильм алғаш рет Каннда «Режиссерлердің екі апталығы» аясында көрсетіліп, жоғары марапатқа ие болды.
Барлығы істен шығып кетсе де, билей бер. Бұл ойды «Экстаз» ролигі айқындайды. Жас бишілер труппасы нөмірлерінің дайындығы үшін бос тұрған мектептің ғимаратына жиналады. Алғашында көңілді музыкаға толы мереке болып көрінген дүние артынан бишілер үшін сұмдыққа айналады, олар өздерінің сангриясына біреудің күшті ЛСД сепкенін түсінеді.
«Бір нәрсе төңкерілді», - дейді бишілердің біреуі, себебі София Бутелла («Мумия», «Жойқын ақсары қыз») қабылдаған дәрінің кері әсерін байқап, не болғанын түсінуге ұмтылады.
Киносыншылар Ноэнің фильмін «жердегі шығармашылық жұмақты бейнелейтін картина, онда сұмдық құлау мен физикалық азап бар, «Экстаздың» бірінші жартысында өмірдің қуанышы, ал екіншісінде қорқынышы баяндалады» деп сипаттады.
Гаспар Ноэнің «Экстаз» жаңа таспасы 2018 жылдың 11 қазанынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін