È

Эмбер Херд Илон Маскке тұрмысқа шығуды ойлап жүр

Эмбер Херд Илон Маскке тұрмысқа шығуды ойлап жүр

«Мачете убивает», «Ромовый дневник» және «Альфа Дог» фильмдеріндегі өзекті рөлдері арқылы, сондай-ақ, белгілі кино қайраткері Джонни Деппен ажырасқан соң одан әрі танымал бола түскен Голливуд актрисасы Эмбер Херд қайтадан тұрмысқа шықпақ.

Шетелдік БАҚ Хердтің миллиардер Илон Маскпен жүріп жүргенін және барлығы шынайы екенін жарыса жазуда.

Daily Mail тілшілерінің сұрағына Эмбердің әкесі жауап берді. Ол қызының қазіргі жігіті Илон Маскпен некелесетініне қуанатынын айтты. Сонымен қатар, бір-біріне деген қарым-қатынасы адал екенін жасырмады. Осылайша, көптің көкейінде жүрген әңгіме расталғандай.

Баспасөз беттерінде Эмбер Херд пен Илон Масктің қарым-қатынасы жайында алғаш рет өткен жазда жазылған еді. Сол кезде Лондон мен Майамидегі шараларда екеуі бірге жүрген болатын.

Илон Масктің байлығы 11,7 миллиард долларды құрайды. Ол «SpaceX» ғарыш компаниясының және электромобиль өндіретін «Tesla Motors» өндірістік-компаниясының негізін қалаған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер