Былтыр екі ірі жұлдызды ажырасу болды. Айырылысқан жұптардың бірі Джонни Депп және Эмбер Херд. Жаңа жылда ажырасу дауы тіпті жандана түсті. Бұған себеп болған Депптің жұбайының шағымын қанағаттандырмауы. Эмбер Херд сотқа тағы да шағым түсірді. Джонни Депптің адвокаты актердың бұрынңы әйелі осылайша қоғамның назарын өзіне аудартқысы келетініне сенімді. Ол өзі алғашқы болып ажырасуға арыз берген, оның себебі зорлық деп отыр. Депп оның шағымын қанағаттандыру үшін 7 000 000 доллар бермек, алайда оның бұрынғы әйеліне қоятын шарты олардың бұрынғы отбасылық өмірінде болған жайттарды жаймауы. Алайда актьердың айтуынша, актриса сөзінде тұрмаған, ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жеке өмірі туралы пост жазған, сондықтан шағымы қанағаттандырылмаған. Сондықтан Херд тағы да сотқа шағымданып отыр.