2013 жылы Энн Хэтэуэй «Отверженные» фильміндегі Фантинаның рөлің үшін жүлдеге ие болған еді. Осы фильм үшін актриса 11 келі салмақ тастаған. Рөл оған өте қиынға соқты, түсірілім кезіне ол тіпті есінен адасардай болды. Сондықтан «Оскар» жүлдесін алуға сахнаға шыққан кезде Хэтэуэй өзін жайсыз сезінген.
Актриса өзінің сұқбатында көптің арманы болған Оскар» мүсінін алғанда қатты қуана алмағанын айтты. Әдетте армандаған жүлдені алған адамның қуаныуы заңды ғой. Бірақ ол сахнада көптеген адамдар бүкіл өмірінде таба алмайтын ақшаға қымбат көйлек киіп тұруға қатты қысылғанын, және осы фильмдегі рөлі мен күйзелісі үшін қуана алмағанын жеткізді. Өйткені сол бір фильмдегі рөлін ол әлі күнге көп адамның басында бар жағдай екенін сезінеді.
Энн Хэтэуэй сахнада тек қуанғандай сыңай тантықанын айтты, сол үшін оны БАҚ өкілдері сынға алған еді.