È

Энн Хэтэуэй «Sony» студиясының алдағы жобасында Барбиді сомдайды

Энн Хэтэуэй «Sony» студиясының алдағы жобасында Барбиді сомдайды
«Менің қызым — құбыжық» фильмінен көрініс 

Энн Хэтэуэйдің «Барби» фильмінде ойнайтыны туралы қауесеттер тарап жүр. Бұл Барбилэндте тұратын ерекше бейнелі бойжеткен туралы хикая. Өзге тұрғындар оны ерекшелігі үшін қудалайды. Сол кезде ару сұлулығына басқаша көзбен қарайтын шынайы өмірге тап болады.

Әзірге актрисамен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұрын бұл рөлге Эми Шумер бекітілген еді. Бірақ, кестеге байланысты келіспеушіліктер туындап, Шумер рөлден бас тартуға мәжбүр болады. Ол өзінің әпкесімен бірге алғашқы нұсқасын шығарған Хилари Уинстонның сценарийін қайта жазып шыққан-ды. Әзірге Энн Хэтэуэй үшін нақты қандай сценарийді алатыны белгісіз.

Картина режиссері болуға «Аналардың көңілді кешкі асы» фильмін түсірген Алетей Джонсқа ұсыныс тасталды. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде.

Продюсерлері - Уолтер Ф. Паркс, Лори МакДональд және Эми Паскаль.

«Sony» студиясы 2014 жылы Mattel-ден Барби белгісін пайдалану құқығын сатып алған болатын.

Картина 2018 жылдың 29 маусымында жарыққа шықпақ.

Әзірге Энн Хэтэуэйді «Менің қызым – құбыжық» фильмінен көре аламыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер