Лентадағы басты кейіпкер қарапайым жігіт Иван, ол сиқыршылар туралы телевизиялық шоуға қатысып, кейін түсініксіз себептермен орыс ертегілері әлеміне түсіп кетеді. Осы жерде Иванды атақты орыс батыры Илья Муромецтің ұрпағы ретінде қабылдайды. Сөйтіп оқиғаның сюжтеті қызықты бола түседі, мұнда басқа да батырлар, жалмауыз кемпір (Екатирина Яковлева), Варвара сұлу (Екатерина Вилкова), Кащей (Константин Лавроненко), теңіз құбыжығы Чудо-Юда (Александр Семчев) және басқа да кейіпкерлер бар. Барлық кейіпкерлер жер бетінде жоқ ертегілік Белгорье қаласында тұрады. Картинаның қоюшысы Дмитрий Дьяченко, тұсауесері келесі жылдың 19 қазанына жсопарланған.