È

Люк Бессонның «EuropaCorp» кино өндірістік студиясы қиын кезеңдерді бастан өткеруде

Люк Бессонның «EuropaCorp» кино өндірістік студиясы қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Әлемдік кино

Соңғы жылдағы қаржы есебіне орай Люк Бессонның студиясы 136 миллион доллар көлемінде шығынға ұшыраған. Ал кірісі бар-жоғы 172 миллион долларды құраған. Өткен жылы компания халықаралық аймақтар мен онлайн-кинотеатрларға сатылған фильмдер арқылы 3%-ға ғана өскен.

Сәтсіздікке келесі фильмдер ұшыраған: Кевин Спейсидің қатысуындағы «Тоғыз өмір», Наоми Уоттспен «Қамауда», Джессика Честейн қатысуындағы «Мисс Слоун» және Том Хэнкс пен Эмма Уотсон қатысуындағы «Сфера» фильмдері.

Өткен жылдың күзінде компанияның 30%-ын «Fundamental Films» қытай компаниясы сатып алған еді. Ендігі кезекте Қытай студияны жартылай қаржыландырып, шығындарын жауып жүр.

Компанияның қайтадан кіріс табатынын немесе таппайтынын биылғы жылдың флагманы «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» фильмі шыққаннан кейін белгілі болады. Картина өндірісі 180 миллион долларды құрады. Люк Бессонның айтуынша, шығынды жабу үшін картина 460 миллион доллар көлемінде табыс табуы тиіс. Картинадан түскен қыржының 90%-ы басқа ұйымдарға кететін көрінеді.

EuropaCorp барлық картиналарына бір қарап шығып, пайдалы жанрларды, оның ішінде әсіресе экшн мен ғылыми фантастиканы көптеп түсіруді ұйғарды.

Қазіргі таңда «Такси» франшизасының бесінші бөлімі өндіріліп жатыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист