È

«Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» фильмі саундтрегінің тұсаукесері

«Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» фильмі саундтрегінің тұсаукесері. Әлемдік кино

Бірнеше күн бұрын Alexiane-ның «A Million on My Soul» әніне түсірілген бейнебаянының тұсаукесері болды. Туынды Люк Бессонның «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» фильмінің ресми саундтрегі болып табылады.

Бір қызығы, бейнебаянда басты актерлар Дейн ДеХаан мен Кара Делевиннің қатысуындағы трейлерде жоқ көріністер кездеседі.

Фильмнің толық саундтрегін белгілі композитор Александр Депла жазды. Ол «Гарри Поттер», «Ымырт. Дастан. Жаңа ай», «Патша сөйлейді» және «Годзилла» сынды фильмдермен жұмыс істеген. Александр Депла 2015 жылы ««Гранд Будапешт» мейманханасы» фильміндегі жұмысы үшін Британ киноакадемиясының жүлдесімен және «Грэмми», «Оскар» сыйлықтарымен марапатталған.

Танымал әнші Alexaine-ның «A Million on my Soul» әні фильм саундтрегінің жарты бөлігі ғана. Хит Бейонсе және Кэти Перримен жұмыс істеген топ - Stargate пен Сэнди Ви арқылы дүниеге келді.

Толық саундтрегі Дэвид Боуидің («Space Oddity»), Боб Марлидің («Jamming»), Вайклеф Жанның («We Trying To Stay Alive») орындауындағы туындылардан құралады. Оның үстіне, фильмге арналған жеке композицияларды Кара Делевинь және Жюльен Рей орындады.

Тұсаукесері 10 тамызда болады.

Фильмнің Қазақстандағы ресми өкілі «Меломан-Кинопрокат» компаниясы болып табылады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер