È

«Ева»: Изабель Юппер дубляждалған алғашқы трейлерде

«Ева»: Изабель Юппер дубляждалған алғашқы трейлерде

«Ева» атты эротикалық триллердің тұсаукесері биылғы жылы 21 ақпанда Берлин кинофестивалінің байқау бағдарламасы аясында өтеді. Француз кинематографының ардагері, режиссер Бенуа Жако («Үй қызметшісінің күнделігі», «3 жүрек») жобада өте танымал еуропалық киножұлдыз Изабель Юппермен («Хэппи-энд», «Бойжеткен») бірге жұмыс істеді. Актриса соңғы уақытта белсенді түрде жылына 3-4 фильмге түсіп жүр. Оның үстіне, Ханеке мен Верховен сынды белді шеберлер ғана Юпперді басты рөлде көргісі келеді. Гаспар Ульель («Бұл жәй ақырзаман ғана», «Биші қыз») авторлық кино аясында жұмыс істейтін танымал француз актерлерінің қатарына жатады.

«Еваның» трейлерінде детективті жанр шеберінің бірі Джеймс Хедли Чейз романының бейімдеуінің көптеген сюжетті бөліктері ашылған. Үлкен үміт күттіретін жазушы Бертран (Гаспар Ульель) боранның салдарынан сәнді қонақ үйлердің бірінде қамалып қалады. Сол жақта сырға толы Еваны сомдаған Юппермен танысады. Әрі қарай – мәңгілік махаббат, сатқындық, жыныстық қатынас. Бертран бұл қауіпті ойынға беріліп кетеді, ол басты романын аяқтауы керек, бірақ оған осы құлай берілу мен шабыт үшін тартымды әйел ауадай қажет. Атаққұмарлығына мастанған жазушы кез-келген жағдайға дайын. Алайда, Ева – бақыт сыйлайтындардың қатарынан емес, ол Бертранға бұрынғы күнәләрі үшін жіберілген.

«Ева» Қазақстандағы айналымға 8 наурызда шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер