Канн фестивалінің арнайы әйелдерге арналған бағдарламасының өкілі актриса Изабель Юппер болды
Биылғы жылы Канн фестивалінің Kering Women in Motion немесе «Женщины в движении» бағдарламасының ресми постерінде Изабель Юппердің суреті пайда болды. Өткен жолдары фестивалдің бөлімін Фрэнсис МакДорманд пен Джейн Биркин таныстырған. Бағдарлама Motion Awards жүлдесін ұсыну салтанатын 21 мамырға жоспарлап отыр.
Жүлдені өткен жылы «Тельма және Луиза» фильмінде бірігіп жұмыс істегендері үшін Джине Дэвис пен Сьюзен Сарандонға ұсынған. Kering 2015 жылдан бастап Канн фестивалінің ресми серіктесі болып табылады.
Изабель Юппер бағдарламаның бетке ұстары болып таңдалынды, себебі биыл ол «Оскар» жүлдесіне үміткер атанды және «Алтын глобус» алды. Француз актрисасы 2009 жылы фестивальдің жюри мүшесі болған. Бұрын ол фестивальден екі жүлде алған, бірі 1978 жылы «Violette Nozière» фильміндегі ойыны үшін, бірі 2001 жылы «The Piano Teacher» фильміндегі рөлі үшін болатын.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін