Бұл еуропалық жұптың арасындағы байланыс 2014 жылдың жазында байқалған болатын. Олардың қол ұстасып серуендеп жүргендерін, бірге уақыт өткізетіндерін жиі көрген. Осылайша 2015 жылға дейін жалғасты, одан кейін жұмыс кестелерінің тығыздығына байланысты уақытша айырылысты, кейін 2016 жылдың қаңтарынан бастап қайта қосылды. Алайда олардың әрқайсысынан қарым-қатынастары туралы сұрағанда ештеңе жауап берместен басқа тақырыпқа ойыстырып жіберетін. Vanity Fair журналының тамыздағы түсірілімінен кейін Алисия Викандарер араларындағы махаббат жайлы айтып берді. Барлығы да «Свет в океане» фильмінің түсірілімінен басталған, онда Викандер мен Фасбендер мұхиттың аралында тұратын, бала сүйе алмайтын жас жұбайларды ойнады.Бірде жағадан кішкене қызды тауып алады да, оны өздері бағып алады. Кейіннен құрлыққа келгенде қыздың анасы кім екенін біледі. Майкла Фассббендердің айтуынша, түсірілім кезінде олардың арасында «нағыз химия» пайда болған, кейіннен бәрі шынайы өмірге айналды.