Биылғы жылдың жазында «Флэш» фильмінің ремейгіне америкалық режиссер Рик Фамуиива бекітілген болатын. жақында қоюшының жобадан шығып қалғаны белгілі болды.
Жоспар бойынша фильмнің түсірілімі келесі жылдың наурыз айында басталуы керек болған, ал тұсаукесері 2018 жылға жоспарланған еді. Алайда Риктің кетуне байланысты белгіленген уақыт та жылжуы мүмкін. Өйткені жаңа режиссерге жобаға еніп, өзінің көзқарасын білдіру үшін де уақыт қажет.
Рик Фамуиивтің кетуіне себеп болған - басышылықпен фильмге деген көзқарастарының бір жерден шықпауы. Режиссердың айтуынша, «Флэш» фильмін түсіруге оған ұсыныс жасағанда өте қуанған, өйткені ол комикстер әлемін бала кезінен жақс көреді екен. Нәтижесінде ол өзінің тілін, жоспары мен оқиғаны ұсынған, алайда Риктің талғасы басшылықпен сай келмесе керек.
сыншылардың айтуыенша, риктің ұсынысы студияны тәуекелге итермелейді, ал бұл пайдалы емес.