Оскар иегерлері, аты аңыз актерлер - Энтони Хопкинс пен Аль Пачиноның басын біріктірген триллер өткен демалыста британдық прокатта бар болғаны 97 фунт стерлинг (эквивалент 140$) табысты қанағат етті. Бұған прокаттың шектеулі болуы да әсер етуі мүмкін. Фильм Ұлыбританияның тек 5 кинотеатрында ғана көретлді, Бұл кинотетарлардың өзі орталықтағы кинотеатрлар емес. Алайда сыншылар картинаны быт-шытын шығарып сынады. "Мұндай фильмді мектептерде түкке тұрмайтын фильмдердің үлгісі ретінде оқыту керек" десті. Кинолентаның бюджеті он бір миллион доллар. Қыста АҚШ прокатында фильм тоғыз жүз мың долларан сәл асатын пайда тапты. Картинаның қойылымымен айналысқан - Шинтаро Шимосава ( «Тайны Смоллвиля», «Мыслить, как преступник» сериалдарының эпизодтары, «Покаяние», «Эхо» фильмдері).