È

Fox 2000 Джон Гринның «Әлемді тасбақалар ұстап тұр» атты соңғы кітабын экрандамақ

Fox 2000 Джон Гринның «Әлемді тасбақалар ұстап тұр» атты соңғы кітабын экрандамақ

Жазушы Джон Грин Голливудқа тағы бір керемет мүмкіндік сыйламақ. Гринның «Жұлдыздар кінәлі» және «Қағазды қалалар» атты екі бестселлерін үлкен экранға шығарған Fox 2000 мен Temple Hill автордың «Әлемді тасбақалар ұстап тұр» соңғы кітабын экрандау үшін бас қосты.

Таспа психикалық аурумен күресіп жүрген 16 жасар бойжеткен Аза Холмстың хикаясын баяндайды. Ол да Джон Грин сияқты обсессивті-компульсивтің бұзылуымен және үнемі күйгелектену ауруымен ауырады. Жазушы жанкүйерлеріне ылғи да ауруын жеңуге қатысты кеңестерімен бөлісіп отырады.

Аза Холмс жақын досы Дейзимен бірге қашып жүрген миллиардер Рассел Пикеттің жоғалып кету құпиясын ашуға тырысады. Барлық оқиға сол миллиардерден және соны тапқан адамға сыйланатын 100 000 доллардан басталады.

«Бұл менің балалық шағыма әсер еткен психикалық ауру туралы ашық жазуым. Ұзақ жылдар бойы «Әлемді тасбақалар ұстап тұр» кітабымен жұмыс істедім, сондықтан осы туындыны биылғы жылдың қазан айында оқырмандарыммен бөліссем, қуанар едім», - деп жазған Джон Грин баспасөз баянында.

Кітап биылғы жылдың 10 қазанында жарыққа шыққан.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

10 желтоқсан 2017, 01:48

Ждём и надеемся, будет, смысл смотреть это. Хотя думаю будет лишь драматургия

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер