È

«Франкенштейн қалыңдықтары» ремейкінде Анджелина Джолидің орнына Галь Гадот қатысады

«Франкенштейн қалыңдықтары» ремейкінде Анджелина Джолидің орнына Галь Гадот қатысады

Universal студиясы «Франкенштейн қалыңдықтары» картинасының жұмысын уақытша тоқтатты. Себебі,авторлар сценарийді толықтыруды ұйғарған.

Жоспар бойынша түсірілім келесі жылдың 1 ақпанында басталуы тиіс еді, ал басты рөлдерге Хавьер Бардем мен Анджелина Джоли бекітілген, бірақ әзірге шығу күні де белгісіз болып қалды. Сондай-ақ, бекітілген актерлардың қатысу-қатыспауы да белгісіз. Дегенмен, ремейк режиссері Билл Кондон Анджелина Джоли бас тартқан жағдайда, орнына израиль актрисасы Галь Гадотты алатынын жеткізді.

Бардем мен Джолидің келісім-шарттары рөлдерден оңай бас тарта алатындай жасалған. Әзірше картинаны ешкім тастап кетпейді, дегенмен орындарына адам таңдалып қойылды. Егер Джоли бас тартып жатса, орнына «Ғажайып әйелден» кейін танымал бола бастаған Галь Гадотты шақырады.

1935 жылдың «Франкенштейн қалыңдықтары» картинасының ремейкі Том Круздың қатысуындағы «Мумиядан» басталған Universal-дың классикалық құбыжықтар франшизасы – «Түнек әлем» оқиғасын жалғастыруы тиіс еді. Алайда, фильм айналымда сәтсіз болған, сондықтан студия алдағы ремейктерге ірі бюджетті франшизаларды жасағанда аса сақтықпен қарайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Төлепберген Байсақалов

Актер