Голди Хоун қайта іске кірісті
«Цветок кактуса» фильмі үшін «Оскар» жүлдесін иеленген Голди Хоун толықметражды фильмге қайта оралады. Актриса 15 жыл үзілістен кейін «Мать/дочь» комедиялық фильмінде ашуланғыш, ажырасқан әйел образында ойнайды. Фильмнің сюжеті бойынша анасы мен қызы Амазонкаға саяхатқа барады, біраз айғай-шудан кейін екеуі жалғыз өздері ну орман арқылы Америка елшілігіне жету керек болады. Хоунға серіктес болған Эми Шумер, ол «Внутри Эми Шумер» телевизиялық телесериалында ойнап, «Эмми» жүлдесін иеленді. қоюшысы Джоннатан Левин, ал сценарийді әзірлеген Кэти Дипполд, ол фильмдегі ананың образын өз анасынан көшіріп алғанын айтты.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін