È

Голливудтың шетелдік Баспасөз ассоциациясы Эмир Байғазинге грант ұсынды

Голливудтың шетелдік Баспасөз ассоциациясы Эмир Байғазинге грант ұсынды

Голливудтың шетелдік Баспасөз ассоциациясы алғашқы резиденттік грант иелерінің тізімін жариялады. Бүкіл әлем бойынша жүлдеге 6 режиссер ие болды, соның ішінде отандық кинематографшы Эмир Байғазин де бар.

2019 жылдың қаңтарында грант иелері Лос-Анджелеске белгілі режиссерлардың семинарлары мен шеберлік сағаттарына қатысуға барады. Сондай-ақ, жүлдегерлер білім шаралары мен 76-шы «Алтын глобус» салтанатына қатысады.

Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмінен көрініс
Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмінен көрініс

Айта кетсек, 75-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бөлімінде таныстырылған Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі «Үздік режиссер» номинациясында жеңіске жеткен. Сондай-ақ, картина Торонтодағы фестивальде қазылар алқасының көзіне түсті, ал Screendaily басылымының халықаралық сыншылар рейтингінде таспа бірінші орынға ие болды.

Голливудтың шетелдік Баспасөз ассоциациясы (Hollywood Foreign Press Association) 1943 жылдан бері бар. Ассоциация жарты ғасырдан астам уақыт бойы үздік фильмдер мен телекартиналар үшін ұсынылып келе жатқан «Алтын глобус» киножүлдесінің негізін қалаған.

 

Превью: "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер