Гарри Поттердің рөлін ойнап, аты әлемге танылған актер британдық БАҚ-тардың біріне берген сұқбатынада фильмнің соңғы бөлімдерінің түсірілімі кезінде ішімдікке тәуелді болып қалғаны туралы айтып берді. Рэдклиффтің айтуынша, бұған себеп болған аяқ астынан келген танымалдық.Тыртығы бар жас сиқыршы туралы фильм 1999 жылы басталды, соңғы бөлімі 2011 жылы шықты. Осы уақыт ішінде Дэниэл Рэдклифф табынушыларының арасында асқан танымалдыққа ие болды. Сондай-ақ ол тек бір ғана рөлдің шырмауында қалып қоямын ба деп қорықты. Сондықтан ол өзінің қорқынышын ішімдікпен басқысы келді. Рэдклифф өзінің жағдайының нашарлап кеткенін күнде таңертең әріптестерінен оның денсаулығын сұрап жіберген хабарламаларынан кейін сезіне бастады. Осыдан кейін ол өзін өзі қолға алып, спортпен айналыса бастады, спорт оның ішімдіктен құтылуына көмектесетінін түсінді. Сонымен ынта-шынтасымен спортқа беріліп кеткен Дэниэл ішімдікті мүлде тастады.