Гүлнар Әбікеева Байкенже Белбаевты Энтони Хопкинспен салыстырды
Танымал кинотанушы әрі киносыншы Гүлнар Әбікеева өзінің Facebook парақшасында актер Байкенже Белбаевты отандық Энтони Хопкинс деп атады.
«Байкенже Белбаев екі жыл бұрын «Қазақша тонау» фильміндегі екінші қатардағы рөлі үшін «Сыншылар таңдауы» номинациясына ұсынылған еді. Байкалдың «Тайталас» фильміндегі рөлі өте үлкен және ол сондай керемет ойнап шықты. Оның энергетикасы мен күші қандай! Осы хикаядан кейін мен оны біздің «Энтони Хопкинс»!» (орфографиясы сақталды.-Ред.ескерту),-деп жариялаған.
Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың ақпан айында «Хабар» арнасы «Тайталас» хикаясын көрсеткен болатын. Көпсериялы фильм - Ахат Ибраевтың режиссерлік жұмысы. Ал сценарийін екі сценарист Төлеген Байтөкенов пен Инна Мукочи жазған. Картинаның басты кейіпкері – олимпиада чемпионы болуды армандайтын жас боксшы Қуаныш. Өз мақсатына жету жолында көптеген кедергілерді өткереді. Оған күресуге отбасы мен адал достары көмектеседі.
_6r0v.jpg)
Телехикаяда Байкенже Белбаев жекпе-жекті ұйымдастырушы Байғазы рөлін сомдайды. Ол барлығын тәуекелге тігіп, Қуанышты қолдауға бар күшін салады.
Фильмге сондай-ақ, Аян Өтепберген, Ерік Жолжақсынов, Мадина Есман, Шәріп Серік және т.б. түсті.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Askhat
7 апреля 2017, 22:23У каждого свое мнение конечно, но до Хопкинса далекова-то нашим по-моему