Гүлназ Жоланова «Қазақша кәсіп Африкада» фильміндегі төлемақысын айтып берді
Қыркүйекте басты әйел рөлін Гүлназ Жоланова сомдаған қырғыз режиссері Руслан Акунның фильмі жарыққа шыққан болатын. Жақында актриса «Түнгі студия» бағдарламасына келіп, «Мықтылар уақыты» фильмінің түсірілімі жайлы және «Қазақша кәсіп 3» фильміндегі төлемақысын туралы айтып берді.
Гүлназдың айтуынша, Руслан Акунның өзі оған «Мықтылар уақыты» картинасында журналист қыздың рөлін ұсынған, тіпті кейіпкер образы актрисаға бағытталып жазылған.
«Бар жүк біздің актерлар мен каскадерлардың иығына артылды. Бірнеше рет құлап, трюктерді қайта-қайта түсірдік, тіпті жылқылар да таспамызда үлкен рөл ойнады. Кейде түсірілім алаңынан бір адамдарды жедел жәрдем алып кеткен кездер болды. Көкпар – өте қиын ойын», - деді актриса.
Жеке өміріне қатысты сұрақты Гүлназ Жоланова жауапсыз қалдыруды жөн санады. Бірақ, тележүргізуші «Қазақша кәсіп Африкада» комедиясындағы төлемақысы жайлы сұрағанда, актриса жасырмай, нақты соманы айтып берді:
«Менің түсірілім күндерім ұзақ бола қойған жоқ. Егер бір жылқының құны 500 000 теңге десек, жалпы мен 3-4 атқа ие болдым».
Еске салсақ, осы күзде актрисаның қатысуымен «Мықтылар уақыты» және «Жеделсаты» атты екі толықметражды фильм шықты. Биылғы желтоқсанда актрисаның қатысуымен «Қазақша кәсіп Африкада» фильмі ауқымды экранға шығады.
Превью: Гүлназ Жоланованың жеке Instagram парақшасынан
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін