È

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих»: фильмнің дубляждалған жаңа трейлері

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих»: фильмнің дубляждалған жаңа трейлері

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» фильмі 2018 жылдың 8-19 мамыр аралығында өтетін 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің байқаудан тыс бағдарламасына енді. Фестивальдің қонақтары мен қатысушыларына картинаны режиссер Рон Ховард пен актерлар Олден Эренрайк, Вуди Харрельсон, Эмилия Кларк, Дональд Гловер, Тэнди Ньютон, Фиби Уоллер-Бридж, Йонас Суотамо және Пол Беттани таныстырады.

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» ғарыш шытырманы көрермендерді бір демде шалғайдағы Галактиканың қараңғы әрі қауіпті қылмыс әлеміне апарады, өмір бойы жалғасатын достықтың қалай басталғанын көрсетеді және Жұлдыздар Соғысы киноәлемінің күмәнді әрі тартымды кейіпкерінің бұрынғы құпияларын аша түседі. Хан Соло Чубаккамен алғашқы кездесуге баруы тиіс, ол кейін оның сенімді екінші ұшқышына айналады, кейіпкер сондай-ақ, алаяқ әрі құмар ойыншы Лэндо Калриссианмен жолығады. Барлығы шексіз мүмкіндіктерге ие дұшпанға қарсы қиын күрес жүргізеді. Дәл осы оқиға бүкіл әлемдегі көрермен жақсы көретін Хан Солоның қалыптасуына ықпал еткен еді.

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» хикаясы Жұлдыздар соғысы әлемінде өтетін жеке картиналар топтамасындағы екіншісі болмақ. Алғашқы «Жалғыз аластатылған: Жұлдыздар соғысы. Тарих» фильмінің әлемдік кассалық жинағы 1 миллиард АҚШ долларынан асқан еді, ол айналымға 2016 жылдың желтоқсанында шыққан болатын.

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» айналымға Meloman Entertainment компаниясының тартуымен 2018 жылдың 24 мамырында шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер