Канн-2018: «Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» көрсетілімге арнап тосын сый әзірлеуде
Биыл «Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» таспасы алғаш рет Канн кинофестивалінде көрсетілетін болады. Қазіргі уақытта аяқталуға таяған таспа байқау бағдарламасына қатысатын фильмдер тізімінде тұр. Дегенмен, «Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» таспасы ең атақтылардың қатарына ауыстырылуы мүмкін. Lucasfilm судиясы арнайы көрсетілімді 15 мамырға дайындау үстінде. Әлемдік көрсетілім 25 мамырда өтеді.
«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» фильмінің түпнұсқа оқиғасындағы жас Хан Солоның рөлін режиссер Рон Говард Олден Эренрайкқа сеніп тапсырған. Франшизаға қатысу арқылы Хариссон Форд танымалдылығын арттырды. Хан Солоның досы Лэндо Калриссианның рөлін Дональд Гловер сомдайды. «Тақтардың ойыны» фильмінің жұлдызы Эмили Кларктың да өз рөлі болады. Канн фестивалінің ашылуында ирандық режиссер Асгар Фархадидің «Бәрі біледі» жобасы көрсетілетіні кеше ғана белгілі болды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін