È

Канн-2018: Асгар Фархадидің «Бәрі біледі» фильмі фестивальді ашатын болды

Канн-2018: Асгар Фархадидің «Бәрі біледі» фильмі фестивальді ашатын болды

Режиссер әрі сценарист Асгар Фархадидің «Бәрі біледі» психологиялық триллері осы жылғы 71-ші Канн фестивалін ашатын болды. Фильмнің басты рөлдеріне Пенелопа Крус («Шығыс экспресіндегі өлім», «Гримсбидегі ағайындылар»), Хавьер Бардем («Анашым!», «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды») және Рикардо Дарин («Жабайы оқиғалар», «Оның көзіндегі құпия») түсті.

Канн фестивалінің бірінші күні көрсетілетін «Бәрі біледі» триллері испан тіліндегі екінші фильм болмақ. Бұдан бұрын, 2004 жылы сапасы жағынан ұқсас Педро Альмодовардың «Ессіз тәрбие» таспасы көрсетілген болатын. Әрине, мұндай таңдау соңғы жылдары фестивальдің үздік фильмін сыншылардың мақұлдауымен таңдап келген Канн фестивалінің көркемдік жетекшісі режиссер Тьерри Фремоның таңдауындағы ерекше өзгеріс болмақ.

Ирандық режиссер Асгар Фархади осыған дейін Канн фестивалінің байқау бағдарламасына екі фильм ұсынған болатын. 2016 жылы «Коммивояжер» және 2013 жылы «Бұрынғы құпиялар» фильмін ұсынды. «Бәрі біледі» фильмі - оның мансабындағы беделді халықаралық фестивальдің ашылуына таңдалған алғашқы жұмысы. Сценарийін Фархадидің өзі жазған фильмде Лораның (Пенелопа Крус) отбасымен бірге Буэнос-Айрестен өзінің туған жері испандық ауылға отбасылық мерекеге сапар шеккені жайлы баяндайды. Туыстардың кездесуінде кейіпкерлердің өміріне үлкен өзгеріс әкелетін оқиғалар орын алады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер