Канн-2018: Бенисио Дель Торо «Ерекше көзқарас» қазылар алқасын басқарады

Бенисио Дель Торо Канн кинофестивалінің маңызы жағынан екінші орындағы «Ерекше көзқарас» бағдарламасының әділ қазыларын басқарады. Биыл фестиваль 8-19 мамыр аралығында өтеді. Дел Тороның ресми хабарламасында «киноға шексіз ғашық керемет актер», «шекараны білмейтін суретші және басқаларға ұқсамай, өз рөліне шынайы беріле алатын» сынды тамаша эпитеттермен сипатталады.
Дел Тороны Каннмен көп нәрсе байланыстырады. Осыдан сегіз жыл бұрын «Өткен өмірі есінде қалған Бунми аға» фильмімен Таиландтың режиссері Апичатпон Вирасетакул Алтын пальма бұтағына лайық деп саналған кезде, ол негізгі байқаудың қазылар құрамына енген болатын. 2008 жылы актер Канн фестивалінде Стивен Содербергтің Че Гевар жайлы түсірілген «Че» фильмі арқылы үздік ер адам жүлдесін иеленген болатын.
2012 жылы Бенисио Дель Торо Каннға сол жылы байқауға қатысқан оның «Гавана, мен сені жақсы көремін» атты испан тіліндегі киноантологияның бір бөлігі «Юма» режиссерлік дебютін қолдауға келген болатын. «Мен мұнда көп келдім және бұл әрқашан таңқаларлық» - деп пікірін білдірді Канн фестивалінде Дель Торо.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін