Даррен Аронофскидің «Анашым!» фильмінің соңғы трейлері
Даррен Аронофскидің «Анашым!» атты хоррор-триллерінің жаңа әрі соңғы трейлері жарыққа шықты.
Режиссер жаңа жобаның қойылымымен айналысып, өзі сценарий жазған.
Тұсаукесері 14 қыркүйек күні болады.
Басты рөлдерде: Хавьер Бардем және Дженнифер Лоуренс.
Сюжет отбасылық жұп туралы баяндайды, сұлу әрі нәзік әйел отбасының ұйытқысы болып жүрсе, ақын күйеуі шығармашылық күйзелісті бастан өткереді.
Бір күні олардың үйіне Эд Харрис сомдаған дәрігер мен Мишель Пфайффер сомдаған әйел бейнесінде шақырылмаған қонақтар келеді. Бірнеше уақыттан соң қонақтардың екі баласы да бірге енеді.
Шақырылмаған қонақтар үй иелерінің отбасылық өмірін бұза бастайды, өйткені ешкімге түсініксіз тылсым жағдайлар орын алады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін