Педро Альмодовар Netflix үшін хикая жасауға келісті
Fotogramas-тың хабарлауынша, Педро Альмодовар стримингті қызметке қатысты телехикаяның түсіріліміне байланысты Netflix-пен келісім шартқа қол қойыпты. Альмодовар үшін бұл тәжірибе бірінші рет болайын деп тұр. Өзінің айтуы бойынша, оған бұрын кіші экран үшін ұсыныстар түскен, бірақ олардан бас тартқан екен.
Оның үстіне, 70-Канн кинофестивалі басталмай тұрып, стримингті қызметтің байқауға қатысуына байланысты дау туындаған болатын. Өйткені, олардың тұсаукесерлі көрсетілімдері үлкен экрандарды айналып өтеді.
Педро Альмодовар үлкен экраннан көрсетілмеген фильм Каннда жеңіске жете алмайтынын хабарлаған. Бірақ, кейіннен өзінің хабарламасын испан тілінен қате аударғандығын айтты да, өз пікірін қайта білдірді. Яғни, әділқазылар алқасының ешқайсысы байқауға қатысқан фильмдерді Netflix және т.б. түсірген деп бөлмейтінін мәлімдеді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін