«Тақтардың ойыны»: 2019 жылы көрермендерге қайта оралады
HBO компаниясы бейсенбі күні «Тақтардың ойыны» фильмінің сегізінші әрі соңғы бөлімінің тұсаукесерінің 2018 жылы болмайтынын ресми түрде мәлімдеді. Көрермендер бұл картинаны асыға күтіп жүр, сондықтан алты эпизоды эфирге 2019 жылы шығатын болды. Ал сценаристердің, продюсерлер мен режиссерлардың жұмыстары жайында ешқандай мәлімдеме жасалмады.
Бұл жаңалық барлығына тосын сый болды, себебі көпшілігі «Тақтардың ойыны» фильмін сегіз айдан кейін осы жылы күтіп жүрген болатын. Сегізінші әрі соңғы маусымның түсірілімі былтырғы жылы қазанда басталған еді. 2018 жылдың тамызында тұсауы кесілуі тиіс болатын.
«Мамандарымыз түсірілімге және арнайы эффектілерді өндіруге көп уақыт жұмсап жатыр. Түсірілім барысының өзі күрделі. Біз түрлі континенттерде жұмыс істеп жатырмыз, сонымен қатар барлық техникалық аспектілер де бар. Сіздер үлкен факторлы көлемді өндірістік кезеңді көретін боласыздар», - деді HBO-ның бағдарламалық директоры Кейси Блойс.







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
14 января 2018, 02:44И снова интрига, и снова контракты актеров. Может и это правильно.