È

«Тақтардың ойыны» хикаясының жаңа рекорды

«Тақтардың ойыны» хикаясының жаңа рекорды

The Verge ресурсының хабарлауынша, әйгілі «Тақтардың ойыны» хикаясы жетінші маусымының соңғы эпизодын 16 миллионнан астам көрермен тамашалаған екен.

Көрермендердің жартысынан көбі, яғни 12,1 миллионы «Айдаһар мен Қасқыр» атты соңғы бөлімін HBO телеарнасынан, ал қалғандары басқа онлайн-қызметтерінен көрген.

Бұл «Тақтардың ойыны» хикаясының ғана жаңа рекорды емес, бүкіл маусымның жеңісі. Өйткені, AMC телеарнасының бұрынғы «Кезбе өліктер» хорроры соңының үздігі 11,35 миллион көрерменге ие болған еді.

Оның үстіне, «Тақтардың ойынының» «Айдаһар мен Қасқыр» атты бөлімі хикая тарихындағы ең ұзақ бөлім атанды, оның хронометражы 80 минутты құрайды.

Маусым аяқталғанымен, HBO өз жанкүйерлерін жоғалтпай, арнайы жобада «Тақтардың ойыны» жаңа маусымының түсірілімімен бөлісіп отырады.

Хикая 2011 жылдан бері HBO арнасынан түспей келеді.

Бұл - арнаның флагман-жобасы. Оның негізіне американдық жазушы Джордж Мартиннің «Мұз бен алау жыры» кітаптар желісі арқау болған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса