HBO арнасы Джеймс Франконың қатысуымен «Екілік» жаңа хикаясын көрсетпек
«Екілік» («Двойка») хикаясы 1970 жылдан 1980 жылға дейінгі аралықтағы порноөндірісінің даму сатысы туралы баяндайды. Басты рөлдерді Джеймс Франко мен Мэгги Джилленхол сомдайды. Франко ағайынды егіздер Винсент пен Фрэнки Мартиноның рөлдерін ойнаса, ал Джилленхол жезөкше Кэнди образында болмақ.
Сценарийін танымал «Тың тыңдау» хикаясының авторы Дэвид Саймон Джордж Пелеканоспен бірге жазды.
Сюжет 1970 жылдардан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейін АИВ (ВИЧ) індеті басталмай тұрған кезде Нью-Йорк порноөндірісінің заңдастыруы мен әрі қарай дамуы жайында баяндайды.
8 бөлімнен тұратын алғашқы маусымы 10-қыркүйекте басталады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін