È

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих»: Саяхат басталды

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих»: Саяхат басталды

««Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» фильмі көрермендерге Хан Соломен бірге алыс ғаламшарға бас айналдырар саяхат жасауға, оның өзін-өзі тануына қалай қадам жасағанын, тұлға ретінде қал ыптасуына әсер еткен кейіпкерлермен танысуға мүмкіндік береді», - деді режиссёр Рон Ховард.

Сондай-ақ, ол: «Картина «Жұлдыздар соғысы» әлемін қызықты толықтырады, бірақ көрермендерді ештеңеге міндеттемейді. Аңыздан толық әсер алу үшін франшизаның басқа фильмдерін көріп, кітабын оқып, ойындарын ойнап, бейнежазбаларын көру міндетті емес. Бұл фильм Ханның Әлемдегі өз жолын қалай табатыны туралы болмақ»,- деп қоса кетті.

Фильм продюсері Кэтлин Кеннеди Хан хикаяларынан не күтуге болатынын көрермендермен қуана бөліседі: «Әзілдер мен қызықты жағдайлар көп болады. Көрермендер қайтадан Хан мен Чубаккидің дуэтіне қызыға қарайды».

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2018 жылдың 24 мамырында айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер