HBO көрермендерге «Екілік» хикаясының жаңа трейлерін ұсынды
«Тақтардың ойынының» альма-матері өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы Америка туралы «Екілік» атты сәнді хикаясының жаңа трейлерін таныстырды. Хикаяның басты тақырыбы 1970-1980 ж.ж. порноөндірістің қалыптасуы мен құлдырауы туралы болмақ. Басты рөлдерде Джеймс Франко, ол бірден екі рөлді: егіз ағайындылар Винсент пен Фрэнки Мартиноны сомдады. Ал Джейктің әпкесі Джилленхолды Мэгги Джилленхол ойнайды. Ол көрерменге Кэнди жезөкшенің бейнесін ұсынбақ.
Жаңа хикаяның сценарийін Дэвид Саймон жазды. Ол Джордж Пелеканоспен бірге түсірген әйгілі «Тыңдау» хикаясының авторы болып табылады.
Сюжет 1970 жылдардың басынан 1980 жылдардың ортасына дейін өршіген, ВИЧ эпидемиясының басталуына дейін болған Нью-Йорктегі порноөндіріс жайында баяндайды.
Сынамалы шығарылымның қойылымымен Мишель МакЛарен айналысты. Ол көпшілікке «Құпия материалдар» мен «Ауыр кезеңдерде» хикаялары арқылы танымал.
8 бөлімнен тұратын бірінші маусымының тұсаукесері 10 қыркүйек күні болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін