È

«Жыртқыш»: алғашқы дубляждалған трейлерде Джейкоб Тремблей келімсектерді бостандыққа жібереді

«Жыртқыш»: алғашқы дубляждалған трейлерде Джейкоб Тремблей келімсектерді бостандыққа жібереді

20th Century Fox-тың «Жыртқышының» алғашқы дубляждалған трейлерінде балақай Джейкоб Тремблей («Ғажайып», «Генри кітабы») ғарыш кемесінің кішкентай нұқсасын тауып алған соң, келімсектерді бостандыққа жібереді. Ол шынымен оларды ойыншық екен деп ойлайды. Келімсектер бұрынғы күштеріне жылдам еніп, адамзатқа қауіп төндіреді. Отыз жыл бұрын пайда болған танымал атыс-шабыс фильмінің толықтай қайта келуі келімсектер образымен сай келген сияқты.

«Бұл гибридтену мүмкіндігі секілді. Әр жаңа ғаламшар арқылы олар мінсіз болып келеді», - деді ғылыми лабораторияда жұмыс істейтін Оливия Манның («Икс адамдары: Ақырзаман», «Темір адам 2») кейіпкері. Көптеген оқиғаларға толы алғашқы ролик генетикалық тұрғыда ДНК мен басқа да тәсілдер арқылы күштері мен интеллекттерін көбейтетін мақұлықтарға қарсы күрес жүргізетін ардагерлер тобын көрсетеді.

Арнольд Шварценеггер басты рөлді сомдаған 1987 жылғы «Жыртқыштың» түпнұсқасын режиссер Джон МакТирнан түсірген. Ол кезде топ Орталық Америка орманында тұтқындарды бөгде ғаламшарлықтардың қорқынышынан құтқаруға тырысқан еді. Биылғы қайта жаңғыртылған нұсқасының режиссері Шейн Блэк («Сүйкімді жігіттер», «Темір адам 3») 30 жыл бұрынғы түпнұсқаның табысына қатысы бар әйгілі продюсер Лоуренс Гордонның жетекшілігімен жұмыс істеді.

«Жыртқыш» фантастикалық атыс-шабыс фильмі ауқымды айналымға 2018 жылдың 13 қыркүйегінде шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер