È

Бала актер Джейкоб Тремблей ересектерге арналған комедиядағы басты рөлге шақырылды

Бала актер Джейкоб Тремблей ересектерге арналған комедиядағы басты рөлге шақырылды

Бала актер Джейкоб Тремблейді («Ғажайып», «Генри кітабы») Universal ересектерге арналған комедиядағы (R рейтингі) басты рөлге шақырды. Фильмнің уақытша атауы – «Жақсы балалар». Фильм түсірілімі шілдеде басталады. Студия Ли Айзенберг («Өте нашар мұғалім», «Кеңсе» хикаясы) пен Джин Ступницкидің («Уақыт бастауы», «Кел танысайық» хикаясы) сценарийін алды. Сондай-ақ, Айзенберг-Ступницки жұбы бұл фильмде режиссер ретінде дебют жасап отыр.

Түсініктемеге сәйкес, «Жақсы балалар» «SuperПерцы» мен «Толықтай шұжықталған» комедиялық таспаларының желісін жалғастырмақ. Таспа 12 жасар төот баланың жүріс-тұрысын баяндайды, олар мектепке бармай, барлық күндерін күлкілі оқиғаларды іздеумен өткізеді.

Джейкоб Тремблей Lionsgate-дің әлем бойынша 300 миллион долларға жуық қаржы жинаған «Ғажайып» хитінде басты рөлді сомдады. Леонард Абрахамсонның 2015 жылғы «Бөлме» фильміндегі балақайдың рөлі көпшіліктің есінде қалды. Тремблей ол жақта Бри Ларсонмен бірге ойнап, киноактерлар Гильдиясының жүлдесіне үміткер атанған. Ксавье Долан өзінің «Джон Ф. Донованның өмірі мен өлімі» атты жаңа жұмысында жас актерді түсірмек ниетте.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер