È

Сет Роген «Плебейлер» британдық комедиясының америкалық нұсқасының продюсері болмақ

Сет Роген «Плебейлер» британдық комедиясының америкалық нұсқасының продюсері болмақ

Актер, сценарист әрі режиссер Сет Рогеннің («Туындыгер-қайғы», «Өмір керемет») мансабы ғажап. Ол қызметін актер ретінде бастаған еді, қазір өзінің ғажайып туындыларды шығарып жатқан Point Grey Pictures атты продюсерлік компаниясы бар. Роген продюсерлік еткен соңғы фильмдердің ішінде «Толықтай шұжықталған», «Сұхбат» және былтырғы жылы атышулы болған «Туындыгер-қайғы» картиналарын ерекше атап өтуге болады. Халықтың талғамын жақсы сезіне білетін адам ретінде ол әрі қарай да өз бағытынан таймай, жаңа жоба жасауда, нақты айтқанда қазір «Плебейлер» британдық комедиясының америкалық ремейкін түсіріп жатыр.

Бұл әйгілі хикаяда бұрынғы замандағы Маркус, Стилакс және Грумио есімді үш римдік жігіт туралы баяндалады. «Плебейлердегі» оқиға танымал «Ересектер» британдық хикаясына ұқсайды, тек Көне Рим кезеңіне ойысқан. Достар өмірден барынша ләззат алуға тырысады. Олар қыздармен танысып, әлеуметтік баспалдақпен өрлеуге тырысады және үнемі күлкілі жағдайларға тап болып жүреді.

Рогеннен басқа, «Плебейлермен» Эван Голдберг («Уағызшы», «Ұрдажық: Эпикалық илеу») айналысады. Роген мен Голдберг тандемі табысты, себебі олар не жасап жатқандарын жақсы біледі. Мысалы, жоғары рейтингке ие болған «Уағызшы» хикаясы кезінде түсірілімге жарамайтын комикстер топтамасына негізделген.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер