È

«Балақай, ойын аяқталды»: трейлерде «Еңбекқорлар» хикаясының толық құрамы бар

«Балақай, ойын аяқталды»: трейлерде «Еңбекқорлар» хикаясының толық құрамы бар

Былтырғы жылы жетінші маусымының көрсетілімін аяқтаған Comedy Central-дың «Еңбекқорлар» хикаясының авторлары осы көктемде Netflix-те қайта бас қосады. Адам Дивайн («Мінсіз дауыс», «Неге ол?»), Андерс Холм («Іздеу үстінде», «Тағылымгер») және Блейк Андерсон («Есірткі») - Кайл Ньюачектің «Балақай, ойын аяқталды» комедиясының жұлдыздары.

Таспаның басты ерекшелігі – 2009 жылғы «Вегастағы жігіттер кеші» фильмін барынша еске түсіріп, оқиғаны Лос-Анджелеске ауыстыру. Андерс Холм жазған сценарийге сәйкес, бейнеойындар жасаушы үштік теледидар арқылы қаржы директорларының және танымал әнші Shaggy-дің тұтқын болғанын көреді.

Достар басынан бастап террористерге қарсы шығып, даяшының кейпіне енеді, бірақ барлығы бірдемде өзгеріп, олар қаруланып шыға келеді, қылмыскерлерді қан-жоса қылады. Жобаның продюсерлері Сет Роген мен Эван Голдберг болды, олар «SuperПерцам» және «Толықтай шұжықтану» сценарийлерінің авторлары ретінде танымал. Сонымен қатар, олардың қатарында Скотт Рудин де бар. Оның 2017 жылғы «Майровиц жанұясының хикаялары» және «Құс ханым» жобалары өте сәтті болды. Айтпақшы, Shaggy-дің 2000 жылғы «It Wasn’t Me» хиті трейлер саундтрегіне айналды.

«Балақай, ойын аяқталды» тұсаукесері Netflix-те 20 сәуірде болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер