È

2017 жылғы қыркүйек айындағы 7 үздік трейлер

Қыркүйек айындағы 7 үздік трейлер

Қыркүйекте Голливуд фильмдерінің трейлері басымдық танытуда. Оның үстіне, картиналар жаман емес. Олардың арасында назар аударуға тұрарлық авторлық картиналар да бар. Кейбір трейлерлер таспалар секілді Венециан кинофестивалінде таныстырылған болатын, олардың тұсаукесерлері негізгі байқауда да, байқаудан тыс бағдарламаларда да көрсетілді. Біздің қыркүйектегі топтамамызда осы көрсетілімнің жеңімпазы да бар.


7. «Майровиц отбасының хикаялары»

Режиссері: Ноа Баумбак

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, комедия

Нао Баумбак мәдениет пен сауда үшін қызмет ететін Джармуш пен басқа да режиссерлардың дәстүрін жалғастырушы, Американың тәуелсіз кинематографы. Оның «Сүйкімді Фрэнсис» фильмі өз уақытында керемет табысты болған және кинематографтар тарапынан назарға іліккен еді. Оның жаңа фильмі әлдеқайда көлемдірек. Ең болмағанда актерлік жағынан... Рөлдерді Дастин Хоффман, Бен Стиллер, Адам Сэндлер және Эмма Томпсон сынды жұлдыздар сомдады. Фильмнің тұсауы Канн кинофестивалінде кесілді.

 

 

6. «Әлемнің бар ақшасы»

Режиссері: Ридли Скотт

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: триллер, драма

Танымал Ридли Скоттың жаңа фильміне алаңдамауға болады, себебі оның әдеттегідей кәсіби, сапалы әрі жылдам болатыны анық. Оның үстіне жақсы пайда әкелері анық. Өйткені, ақша мен отбасылық құндылықтар туралы баяндайтын хикая ешқашан ескірмесі анық, оның үстіне басты рөлдегі актерлардың ойыны да мықты. Сараң миллиардерді Кевин Спейси, ал оған қарсы шығатын адамды Марк Уолберг ойнайды.

 

 

5. «Tomb Raider: Лара Крофт»

Режиссері: Роар Утхауг

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: атыс-шабыс фильмі, триллер, шытырман оқиға

Анджелины Джоли есімімен жатталып қалған Лара Крофттың әйгілі әлеміне қайта көз жүгіртсек, ендігі жолы басты рөлде жақында «Оскар» жүлдегері атанған актриса Алисия Викандер, ол осылайша Голливуд актрисаларының топтамасына еніп келеді. Оны сыншылар да, көрермендер де жақсы көреді. Типаж бойынша өзіне еліктіргіш әрі жігерлі бойжеткенге ұқсайды. Неге болмасқа? Бірақ, өзіне ғана тән бір жаңалықты енгізе ала ма? Трейлер арқылы байқап көрейік.

 

 

4. «Джуманджи: Орман шақырады»

Режиссері: Джейк Кэздан

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: шытырман оқиға

Тағы да ескі фильмді қайта жаңғыртамыз. Біз «Джуманджи» десе, басты рөлде Робин Уильямсты елестетеміз, ол өзінің жылулығымен әрі ерекше ақкөңілділігімен есте қалды. Соңғы нұсқасында бұл қасиеттер азырақ болмақ. Көрермендер ормандағы қауіп-қатер, қашу, секіру секілді экшннің түрлі элементтерін көре алады. Озбырлы монтаж, көріністер мен барлығын құтқарып жүретін Дуэйн Джонсон арасындағы әзілдер байқалады.

 

 

3. «Иттер аралы»

Режиссері: Уэс Андерсон

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: мультфильм

Уэс Андерсон толыққанды драмалық фильмдермен қатар, жеңіл, қызықты әрі әсерлі мультфильмдерді де түсіре алады. Мысалы, иттер жайлы... Жеңіл дүниелердің эстеті, кадрдағы және біртүрлі хикаялардағы симметриялықты жақсы көретін Уэс жаңа фильмінде де өз бағытынан таймаған. Кейбіреулерге қуыршақ анимациясының мұндай түрі біртүрлі тартымсыз көрінуі мүмкін, бірақ жақсылап қарайтын болсақ, иттердің ойыны жаман емес секілді.

 

 

2. «Субурбикон»

Режиссері: Джордж Клуни

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: триллер, драма

Голливудтың және Америка кинематография ортасының сүйіктісі Джордж Клуни «Субурбикон» фильмін ағайынды Коэндердің сценарийі бойынша түсірді. Клунидің өзі режиссерліктен бөлек, хикая жазуға көмектесіп, продюсер болды. Қысқасы, фильмді «Оскар» иегері ретінде АҚШ-тың қазіргі жағдайын баяндайтын авторлық туынды деуге болады. Басты рөлді Мэтт Деймон сомдайды. Фильм трейлерінен Клунидің ойы мен сезімдерінің жігерлі емес екендігін байқаймыз.

 

 

1. «Су қалыбы»

Режиссері: Гильермо дель Торо

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: драма, фантастика

Әйгілі мексикандық режиссер Гильермо дель Тороның («Фавна лабиринті», «Тынық мұхиты шекарасы») «Су қалыбы» фильмі әлемдегі ең беделді әрі көне кинофестивальдің бірі Венецианда «Алтын арыстан» бас жүлдесін иеленген еді. Мұнымен келіспесеңіз де болады, әлемнің көптеген сыншылар да солай жасаған, бірақ қазылар алқасы оған аталмыш жүлдені берген. Дегенмен, бұрын-соңды ешқандай жүлде алып көрмеген Торо үшін қуануға болатын шығар. Жалпы, фильм режиссердің ситлінде түсірілген. Ол бұрын да шынайылық пен қиялдың, өмір мен ертегінің арасындағы біртүрлі оқиғаларға қызығатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса