È

Кинорежиссер Айжан Қасымбектің «Су» және «Ауа» фильмдеріне талдау

 Кинорежиссер Айжан Қасымбектің «Су» және «Ауа» фильмдеріне талдау

Бүгінгі таңдағы жас кинематографистердің сәтті басталған шығармашылықтары тұрғысынан айтатын болсақ, дебюттік фильмімен халықаралық кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орындарды иеленген кинорежиссер Айжан Қасымбектің есімін атауға болады. Режиссердің 2017 жылы түсірілген «Су» фильмі Вьетнамда өткен халықаралық Hanoi Intertnational film festival-де үздік қысқаметрлі фильм атанса, Monaco film festival-де үш бірдей: «Үздік артхаус фильм», «Костюм суретшісінің үздік жұмысы», «Үздік музыка» номинациялары бойынша жүлделерді жеңіп алды. Бірінші фильмнен сәтті басталған жетістігі жас режиссердің шығармашылық ізденістеріне талпыныс берді деуге болады. Оның «Ауа» деп аталатын екінші фильмі 2018 жылы жарыққа шықты.

«Бродвей» кинопорталына берген сұхбатында Айжан Қасымбек «Су» және «Ауа» фильмдерінің жалғасы ретінде алдағы уақытта «Жер», «От» фильмдерін түсіргісі келетінін айтты. Айжан Қасымбектің киноальманах ретінде жоспарланған жобаларына ой жүгіртсек, осы тақырыптарды барлық фильмдеріне негіз ретінде алуы тегін емес. Ұлы ғұлама Аристотельдің философиялық көзқарастарынан туындайтын өмірдің мән-мағынасы осы төрт түсініктен құралады.

Тарқатып айтқанда: 1. Топырақ (жер) - суық және құрғақ. Ғылыми айналымда - қатты дене; 2. Су - суық және дымқыл. Ғылыми айналымда - сұйық дене; 3) От - ыстық және құрғақ. Ғылыми айналымда - жылу энергиясы; 4) Ауа - жылы және дымқыл. Ғылыми айналымда - газ дене;

«Су» фильмінен кадр
«Су» фильмінен кадр

Мінекей, ерте дүние философиясында айтылған ұғымдарды бүгінгі ғылыми айналымда осылай пайдаланатын болсақ, бұл бір сөзбен айтқанда адамды қоршаған ортаның сипаты. Егер дәл осы ұғымдарды өнер тілімен айтатын болсақ, адам бұл экрандағы кейіпкер. Жоғарыдағы айтылған түсініктер адамды қоршаған ортаны құрайды. Режиссердің әр фильміне қойып отырған тақырыбы кез-келген адамды ойландыратыны сөзсіз.

«Су» фильмінің басты кейіпкері өткен шағынан қол үзгісі келмейтін Қасымыч қария. Өткен өмірі «елес шындығына» айналып бара жатқан қария бір кездегі бақытты сәттерін тағы да сезіну үшін жастық шағы өткен жерге оралады. Қарияның алдында екі таңдау бар. Бірі елес болып мазалай беретін өткен шақта қалу, екіншісі өткен шағымен мәңгіге қоштасу.

Ал «Ауа» фильмі жайында айтар болсақ. Бұл фильмнің кейіпкерлері кәрі қария мен оның немересі. Мұндағы бала кейіпкер ұшқыш болуды армандайды және қалаға кеткісі келеді. Бірақ атасының мүгедектігі бала арманына кедергі болады. Осы екі таңдаудың қыспағында бала кейіпкер әбден күйзеліске түседі.

«Ауа» фильмінен кадр
«Ауа» фильмінен кадр

Аталмыш екі фильмнің ортақ ұқсастығына тоқталсақ. Екі фильмде де армандау сезімдері бар. «Су» фильмінде Қасымыч қария жастық шағындағы сүйген қызын ұмыта алмайды. Ұйықтаса түсінде, оянса есінде. Судан құтқара алмағаны үшін қатты өкінеді, өзін кінәлі сезінеді, өткен шағына оралуды армандайды. «Ауа» фильмінде бала кейіпкер туған жерінен жыраққа кетіп, ұшқыш болуды армандайды. «Су» фильміндегі армандау сезімі артқа шегініс арқылы, ал «Ауа» фильмінде болашаққа ұмтылу арқылы бейнеленеді.

Егер жеке фильмдердің өздеріне ғана тән ерекшеліктеріне келер болсақ, ол ерекшеліктер кейіпкерлерге қатысты айтылады. «Су» фильмінде басты кейіпкер елес кейпінде берілсе, «Ауа» фильмінде реалистік кейіпкерлер. Фильмнің тақырыбына байланысты кейіпкерлердің сезімдері бейнелік тұрғыда көрініс табады.

Қорыта келе, жас режиссер Айжан Қасымбектің тақырыптық-көркемдік ізденістері зерттеуді талап етеді. Жас кинематографистердің тақырып таңдауда күнделікті өмір көрінісін жай ғана алып қоймай, оқиғаға негіз ретінде мағыналық себептерді іздегені жөн болар еді. Осы тұрғыдан алғанда Айжан Қасымбектің фильмдері, оның тақырыптық ізденістері жас буынға үлгі болады.

Әли ӘЛІШЕР

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

9 Қыркүйек, 2019

IV Baiqonyr International Short Film Festival жеңімпаздары

Baiqonyr фестивалі қысқаметрлі кино саласындағы үздік режиссерларды анықтады 

Brod.kaz

Baiqonyr ISFF: Ushqyn байқаудан тыс бағдарламасы

ІІ ХКФ Ushqyn студенттік кинофестивалінің үздік қысқаметрлі фильмдері Baiqonyr ISFF-де көрсетіледі

Brod.kaz

Казахстанское кино

31 желтоқсан, 2019

Алматыда ұлттық «Құлагер-2019» киножүлдесі табысталды

«Құлагер»  ұлттық кинематографиялық жүлдесі 2007 жылдан бастап өткізіледі

Brod.kaz

Baiqonyr ISFF: Ұлттық байқаудың қатысушылары

Байқауға 22 қысқаметрлі фильм енді

Brod.kaz

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер